Вело-қажылық. Оралдан Меккеге барған саяхатшы оралды

240
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/v3CXiIT37yW1aI5bvWo5BRK0lbBYJN2zpz3FTlWQ.png

Оралдық 65 жастағы ер адам Меккеге велосипедпен барып, елге оралды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Ол сапар барысында жалпы 6 700 шақырым жол жүріп өткен. 

Қазақстандық желідегі парақшасында велосаяхаты төрт айға жуық уақытқа созылғанын көрсеткен. 

Бұған дейін ер адам Меккеге барып, қажылық жасау көптен бергі арманы болғанын айтқан.

Ұзақ сапарға аттанбас бұрын Жәрдем Атауов толық медициналық тексеруден өтіп, бірнеше ай бойы тыңғылықты жаттыққан.

Ер адам велосаяхатының барысын күн сайын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап отырған.

Туған жеріне оралған күні оны туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.

评论