Қазақстандық қос балуан күрестен әлем чемпионы атанды

370
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PERXQbo5wYFncfK53VO2w3yaDBvKd1ecQnSQhOcb.jpg

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді. Грек-рим күресінен Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков әлем чемпионы атанды. Бұл туралы 14 қазанда Туризм және спорт министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов жарысты сенімді жеңістермен бастап, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Юсуф 4:3 есебімен жеңіске жетіп, U23 әлем чемпионы атанды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков те қарсыластарының барлығын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Финалға жолдама үшін өткен белдесуде украиналық Евген Поковбаны 5:4 есебімен жеңген Айбек алтын жүлде үшін әзірбайжандық Елмир Алиевпен кездесті. Шешуші белдесуде қарсыласынан 13:4 есебімен басым түскен отандасымыз әлем чемпионы атанды.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы екі балуаны медальға таласады. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей балуанын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол алтын медаль үшін Иран өкілі Ясин Әли Яздиімен белдеседі.

Ал 130 келіге дейінгі салмақта Джохар Узаров жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.

评论