Ауғанстан бойынша өкіл Пәкістандағы елші ретінде қызмет ауыстырды

173
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Inas3YozHg0Rc1S4bq5GhH9oRJsgZj8e1jBR0fUt.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еркін Тұқымовты Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Еркін Тұқымов бұрынғы қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Еркін Тұқымов бұған дейін Президенттің Ауғанстан жөніндегі арнаулы өкілі қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарған.

评论