Жолға жауапты мердігер кәріз құдығын ашық қалдырған

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/m6SuVVO7rXBqTv8EOBE7Yp5AmWG9aKxIOubxJbOJ.webp

Фото: Almaty.tv
Шымкентте кәріз желісін тартқан мердігер жолды бүлдіріп, құдықтарды ашық қалдырған, деп хабарлайды “Адырна” Almaty.tv-ге сілтеп.

Мәншүк Мәметова көшесіндегі қазылған жол тұрғындарға қиындық туғызған. Әсіресе, мектептен қараңғыда қайтатын балалардың ашық құдыққа түсіп кету қаупі ата-аналарды алаңдатқан. Жолдың ойылып, тегістелмеуі қарттардың жүріп-тұруына да кедергі келтірген.

Тұрғындар мәселені БАҚ-қа жариялаған соң мердігер жұмысты жеделдетіп, бір күн ішінде ашық құдықтарды жауып, жолды тегістеген.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, траншеяларды көму және аумақты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер жойылған. Қазір тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасалған.

评论