2026 жылғы 2-3 қазанда Астанада нейрохирургия мен неврологияның өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция өтуде. Форумға Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 150-ден астам жетекші нейрохирургтар, невропатологтар, ғалымдар мен медициналық сарапшылар қатысты.
Халықаралық конференция орталық және шеткі жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, жаңа хирургиялық технологияларды, ғылыми әзірлемелерді және жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту перспективаларын талқылауға арналған алаңға айналды.
Бағдарламада отандық және шетелдік сарапшылардың 40 — тан астам баяндамалары, пленарлық сессиялар, клиникалық және ғылыми жобалардың презентациялары бар.
Конференцияның ашылуы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың құттықтау сөзінен бастады. Іс-шараға медицина және ғылыми қоғамдастық өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері де қатысты.
Құрметті қонақтардың қатарында — мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, ҚР Парламенті Сенатының экс-төрағасы, ҚР экс-Мемлекеттік хатшысы және ҚР Мемлекеттік қайраткері, Мұнай және газ өнеркәсібінің бірінші министрі Равиль Чердабаев бар.
«Астанада тәжірибесі заманауи нейрохирургияның келбетін қалыптастыратын ғалымдар мен практиктерді қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі таңда жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, білімнің кәсіби қоғамдастықтың ортақ игілігіне айналуы үшін өз тәжірибелерімен бөлісу аса маңызды» — деп, атап өтті «Қазақ нейрохирургтар ассоциациясы» ҚБ Президенті, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақов.
Қазақстан жоғары технологиялық нейрохирургияны дамытуда
Қазақстанда нейрохирургиялық қызметті дамыту жүйке жүйесінің күрделі ауруларын диагностикалау және емдеу үшін мүмкіндіктерді кеңейтумен, заманауи технологияларды енгізумен және бейінді мамандарды даярлаумен сүйемелденеді.
Бүгінгі таңда елдің нейрохирургиялық қызметіне Ұлттық нейрохирургия орталығы және 39 облыстық және қалалық ауруханалар базасындағы 51 нейрохирургиялық бөлімше кіреді. Мұндай жүйе пациенттерге елордада ғана емес, өңірлерде де мамандандырылған көмек көрсетуге, емдеудің бірыңғай тәсілдерін дамытуға және заманауи технологияларды өңірлік деңгейге беруге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 36 мыңнан астам нейрохирургиялық ота жасалады. Клиникалық тәжірибеге заманауи микронейрохирургиялық технологиялар, кіші инвазиялық және эндоскопиялық араласулар белсенді енгізілуде.
Ұлттық нейрохирургия орталығы 2008 жылы құрылған осы жылдар аралығында Орталықта 80 мыңнан аса пациент ем алып, 60 мыңнан аса пациентке операция жасалды. Сондай-ақ Орталық жоғары технологиялық нейрохирургияны дамытудың, кадрлар даярлаудың және халықаралық кәсіби ынтымақтастықтың негізгі алаңына айналды.
Осы жылдар ішінде Нейрохирургиялық қоғамдастықтардың дүниежүзілік федерациясының нейрохирургиялық курстары (WFNS), Еуропалық нейрохирургиялық қоғамдар қауымдастығының білім беру курстары (EANS), 10 — шы Азиялық нейрохирургтар конгресі, Уольтер Э. Дэнди атындағы нейрохирургия қоғамының 10-шы Дүниежүзілік конгресі өткізілді. Көптеген халықаралық білім беру жобаларының ұйымдастырушысы және қатысушысы «Қазақ нейрохирургтар ассоциациясы» ҚБ, Ұлттық нейрохирургия орталығы.
Халықаралық алмасу-қазіргі заманғы медицинаны дамытудың бір бөлігі
Қазіргі нейрохирургия қарқынды дамып келеді. Клиникалық практикаға жаңа кіші инвазиялық және эндоскопиялық әдістер енгізіліп, нейронавигация, тамырлы және функционалды хирургия, омыртқа және жұлын ауруларын емдеу технологиялары жетілдірілуде.
Мұндай жағдайда халықаралық кәсіби алмасу дамудың маңызды құралына айналады: мамандар клиникалық тәжірибені салыстыруға, күрделі жағдайларды талқылауға, жаңа технологиялармен танысуға және заманауи тәсілдерді тәжірибеге бейімдеуге мүмкіндік алады.
Дәл осындай формат Астанада халықаралық конференция аясында жүзеге асырылды. 2026 жылдың мамыр айында Ұлттық нейрохирургия орталығы Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай, Пәкістан және басқа елдердің мамандарын біріктіретін Kazakh Spine Days халықаралық конференциясын өткізді.
Кәсіби мектептер сабақтастығы
Салтанатты ашылу тақырыбының бірі - кәсіби өмірбаяны Қазақстанмен байланысты Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, белгілі ғалым және невролог, академик Н.Н. Бурденко атындағы Ұлттық медициналық нейрохирургия зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, профессор Леонид Болеславович Лихтерманның 95 жылдығы болды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов саланың дамуына қосқан елеулі үлесін бағалай отырып, Леонид Болеславовичке Денсаулық сақтау министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті.
Кәсіби сапарының басында Леонид Лихтерман Ақтөбе облысының психоневрологиялық диспансерінде резидент болып жұмыс істеді. Бүгінгі таңда бұл кәсіби байланыс жалғасуда: ол Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының академигі және Ұлттық нейрохирургия орталығының құрметті профессоры. «Қазақстан нейрохирургиясы және неврологиясы» ғылыми журналында оның есіміне арналған айдар да бар.
«Профессор Лихтерманның өмірі мен еңбегі — нағыз ғылымның шекараны білмейтіндігінің, ал біздің мамандығымыздың шынайы күші — мектептер сабақтастығында және біліммен бөлісуге дайын екендігінің тамаша мысалы» — деп, атап өтті Серік Ақшолақов.
Кәсіби диалогқа арналған халықаралық алаң
Конференция Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа –тұс өтуде, бұл Тәуелсіздік жылдарындағы отандық медицинаны дамыту нәтижелерінің бірі — өзінің кәсіптік мектебін қалыптастыру, жоғары технологиялық көмекті дамыту және қазақстандық мамандардың халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа белсенді қатысуын көрсетеді.
Конференцияға қатысушылар үшін - бұл өз тәжірибесін ұсыну, саланың өзекті мәселелерін талқылау және нейрохирургия мен неврологияны одан әрі дамыту бағыттарын анықтау мүмкіндігі.
