Сот Мырзуан қазасының әділдігі мен мән-жайын толық анықтауға басымдық берді

163
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IeYA5gmyVlTmoqf2gv4VVFapWiusLjYo8XB0IOBB.jpg

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жәбірленуші тарап меншік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы Сәуле Жұбаниязоваға қатысты қылмыстық істі құрылыс салушы мен басқа да тұлғаларға қатысты іспен біріктіруді сұрады.

Сот жәбірленуші тараптың өтінішін қанағаттандырып, істі өндірістерді біріктіру мүмкіндігін қарау үшін прокурорға жолдады.

Судья Меруерт Абаева шешім қабылдау кезінде ғимараттың опырылуына конструкциялық ақаулар мен құрылыс технологиясының сақталмауы сияқты бірнеше фактор әсер етуі мүмкін екенін көрсеткен құрылыс-техникалық сараптама қорытындысын ескерген.

Сот бұл шешім Сәуле Жұбаниязованың немесе басқа тұлғалардың кінәсі дәлелденді дегенді білдірмейтінін атап өтті. МИБ төрағасына қатысты елді мекеннен шықпау туралы бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

评论