Депутат Медеуова дәрігерлердің мәртебесін заңмен бекітуді ұсынды

210
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9EMNJX6QntgXY7bTAnzrJfQ9nbp0IWQqYzOBky8.webp

Құрылтай депутаты Дана Медеуова алғашқы депутаттық сауалында медицина саласындағы кадр тапшылығы, дәрігерлердің жалақысы және артық бюрократиялық міндеттер мәселесін көтерді, деп хабарлайды "Адырна".

Ол дәрігерлердің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктерін заңмен бекітуді ұсынды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерін кәсібіне қатысы жоқ есеп-қисап жұмыстарынан босату қажет екенін айтты.

«Дәрігер есеп-қисаптың шексіз құжатын толтырмай, науқасты емдеуі керек», – деді депутат.

Медеуова осы мәселелерді шешу үшін «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына бастамашылық ететінін мәлімдеді.

评论