Қаралы күні эфирде билеген блогер қамауға алынды

201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yvY6CTUYzZk2v1Y9fiwPHyfhPexvoNKIDeSA2T9K.jpg

Фото: СҚО ПД

Петропавлдың 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненко 25 қыркүйекте, Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған уақытта желіде билеген, деп хабарлайды "Адырна".

Ол қаралы күні TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, көңілді әнге билеген. Кейін оның әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Эфир кезінде көрермендер Антоненконың әрекетін сынаған. Бұған жауап ретінде ол қаза тапқан әскери қызметшілерді жеке танымайтынын айтып, оқиғаға байланысты өмір салтын өзгертуді қажет деп санамайтынын жеткізген.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті әйелдің әрекетіне байланысты тексеру жүргізіп, материалдарды сотқа жолдаған.

«29 қыркүйекте сот әйелге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулік әкімшілік қамау тағайындады. Фактіге заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ», – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапқан. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.

评论