‘’Біздің бірінші ханым қайда екен?..’’ БҰҰ мінберінде Трамп Назаровтан асып түсті

291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/y0N9l7VMTG2CJMyS0pKM23zyKiKiZpKqotEu0jbK.jpg

Фото: flickr/whitehouse

АҚШ президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында сөз сөйлеп тұрған сәтте көрермен арасынан жұбайы, АҚШ-тың Бірінші ханымы Мелания Трампты іздеп, оның қайда отырғанын сұрады, деп хабарлайды “Адырна”.

«Біздің Бірінші ханым қайда? Ол дәл осы жерде. Бірінші ханымды көрмей тұрғаныма сене аласыздар ма?» – деді АҚШ президенті.

Осыдан кейін АҚШ делегациясы қатарында отырған Мелания Трамп күлімсіреп, күйеуінің назарын аудару үшін қолын көтерді.

Дональд Трамп сөзін жалғастыра отырып, Мелания Трамптың қоғамдық қызметіне де тоқталды. Ол жұбайының БҰҰ аясындағы бастамалары мен атқарған жұмыстарына жоғары баға берді.

Президент сондай-ақ Мелания Трамптың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарының біріне төрағалық еткенін атап өтті.

Еске салсақ, экс-депутат Ардақ Назаров мәжілістің ресми отырысында анасын туған күнімен құттықтаған болатын.

Жалпы отырыс кезінде депутат сауал жолдамас бұрын анасының 70 жас мерейтойымен құттықтағысы келетінін айтқан еді.

评论