Алексей Луценко Азия ойындарының чемпионы атанды

114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Jw2qMRa2DE354CHQEE8cpIoJ7NqnoQhzCRoTVvtC.jpg

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей уақытқа жарыста жеңіске жетті. Луценко қашықтықты 41:24.05 уақытта бағындырды. Екінші орын жапониялық Сюнсукэ Имамураға, ал үшінші орын Моңғолия өкілі Жамбальямц Сайнбаярға бұйырды.

Алексей Луценко үшін бұл – Азия ойындарында жеңіп алған мансабындағы бесінші алтын жүлде. Сонымен қатар қазақстандық велошабандоз жекелей уақытқа жарыста қатарынан төртінші рет чемпион атанып отыр. Ол бұған дейін 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Азия ойындарында осы бәсекеде топ жарған.

Бұдан бөлек, Луценко 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында топтық жарыста да чемпион атанды. Сондай-ақ оның қоржынында 2022 жылғы Ханчжоу ойындарының күміс медалі бар.

Еске салсақ, бұған дейін велоспорттан әйелдер арасындағы жарыста Рината Сұлтанова алтын медаль жеңіп алғанын хабарладық.

评论