«Таза Қазақстан»: Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне шамамен 50 мың тұрғын қатысты

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gUrCDN9fPB607xI11r9yTdXSvnJhxajPCPfHlVz2.jpg

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық шараларға өңірдің шамамен 50 мың тұрғыны қатысты.

Экологиялық акциялардың қорытындысында 9500 көшет отырғызылып, 3 мың тонна қоқыс жиналып, шығарылған. Талдықорған қаласындағы «Жастар» паркін тазалау мен көшеттер отырғызуға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты.

«Жастар» паркіндегі экологиялық шараға мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер, жастар мен волонтерлер белсене қатысты. Сенбілік аясында парктің аумағы тазартылып, 100 жапырақты ағаш отырғызылды. Атап өтсек, сол күні Талдықорғанда барлығы 1000 көшет егілді.

- Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі атқарып келеміз. Соңғы екі жылдан бері тек ағаш отырғызумен шектелмей, Талдықорғанда «Жастар» саябағы, Қараталдың жағалауы, «Жеңіс», «Ардагерлер» парктері абаттандырып, барлығының суару жүйесі қайта жасалуда. Жалпы алғанда облыстың барлық аудан-қалаларындағы парктер мен скверлерді ретке келтіріп жатырмыз. Кең мағынасында алғанда, «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты тек табиғаттың тазалығы, саябақтарды абаттандыру, ағаш отырғызу ғана емес, адамның жан дүниесінің тазалығы, санасының жаңғыруына қол жеткізу.  Ұжымдар, аулалар, көше тұрғындары – барлығы бірігіп өз маңайын көркейтуге белсене атсалысып жатыр, біз мұндай белсенді азаматтарды әрдайым ынталандырамыз, қолдаймыз. Бұл – қоғамның жаңаруы, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.  

Сенбілікке қатысушылар өз пікірлерін білдірді:

- Ағаш неғұрлым көп болса, ауа соғұрлым таза болады. Сондықтан мұндай шараларға қатысу маңызды деп санаймын. Ағаш отырғызу, оларға күтім жасау, тазалықты сақтау өзіміз үшін керек. Бәрі өзімізден басталады, сондықтан әр адам үлес қосуы тиіс. Айналамыз таза, жасыл желек болса, жан-дүниеміз тыныш болады. Баршаңызды қоршаған ортаға, туған табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Талдықорғанымыз гүлдегіп, көркейе берсін, - деді жас эковолонтер Аяжан Нұрахметова.

Талдықорған қаласының тұрғыны Жанар Болатқызы да осындай пікірде:

- Қалада жастардың экологиялық жобаларға қатысқанына қуанамыз. Қаланың аумақтарын бәріміз бірге ретке келтіреміз. Біз жай ғана тазалап қана қоймай, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосып жатырмыз. Тазалық пен тәртіпті әр азамат сақтаса, қаламыз әлдеқайда таза әрі жайлы болады, - деген ол жерлестерін түрлі экологиялық шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Атап өтсек, биылдан бастап өңірде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында 181 шара ұйымдастырылып, оған 180 мыңнан астам адам қатысты. Соның нәтижесінде 68 мың көшет егілді, 15 мың тонна қоқыс шығарылды.

 

Три человека подметают двор и газон в солнечный день.

Группа женщин убирает листья на пешеходной дорожке в парке, собирая мусор в большой мешок.

评论
其他材料