"Біртұтас Моңғолия – қуатты Моңғолия". Баян-Өлгейліктер мемлекеттік наградаға ие болды

288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/h0LSoNHDBxXoG69MqChgcyxl4YDBDaSEf4AIZdpq.jpg

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Баян-Өлгей аймағына жұмыс сапары аясында Музыкалық-драма театрында аймақ тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында мемлекет басшысы азаматтарды мемлекеттік саясат пен билік органдарының қызметі туралы ақпараттандырып, олардың ұсыныс-пікірлері мен тілектерін тыңдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Монцамэге сілтеме жасап.

Кездесу аясында президент елдің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі, адал еңбегі мен жетістіктері үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік атақтар, ордендер мен медальдар табыстады.

Атап айтқанда, Баян-Өлгей аймағындағы «Бастама» жалпы білім беретін мектебінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Болатхан Әкімбайға «Моңғолияның еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағы берілді.

Аймақ халық өкілдері хуралының мүшесі және «Хотгор» компаниясының бас директоры Балжиннямын Энхболд «Сауда саласының еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болды.

Сондай-ақ Моңғолия Президентінің Жарлығымен «Еңбек Қызыл Ту» орденімен:

– «Өлгий ойл» компаниясының атқарушы директоры Мұрат Құрманхан;

– «Од дизайн» компаниясының сәулетшісі Серікбай Қабдолхан;

– «Хухсэрхийн оргил» компанияларының негізін қалаушы Шынат Ойзерман;

– Жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы департаментінің құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы, техника ғылымдарының докторы, кеңесші-инженер Асқар Кәукен марапатталды.

«Поляр жұлдызы» орденімен:

– «Элиф фарм» компаниясының фармацевті Бақытгүл Ағзамхан;

– Цэнгэл сұмынындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Күлімаш Дасим;

– «Баянтул» кооперативінің мүшесі, малшы Дондонгийн Мөнхжаргал;

– Музыкалық-драма театрының музыканты Бақтынұр Бәделхан;

– Моңғолия мемлекеттік білім беру университетінің Баян-Өлгий аймағындағы филиалының кассирі Құрмет Атабай;

– Оқу орталығының директоры Бақытгүл Бекболат марапатталды.

«Әскери еңбегі үшін» орденімен:

– Аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Зейнелийн Азат;

– Шекара әскерлерінің №0285 әскери бөлімінің жүргізушісі, аға сержант Шархуугийн Батжаргал наградталды.

«Құрметті еңбек медалімен»:

– Білім департаментінің химия, биология және денсаулық сақтау бағытына жауапты аға әдіскері Сержан Молайхан марапатталды.

Кездесу барысында президент Баян-Өлгей аймағының барлық тұрғынын құттықтап, жоғары мемлекеттік атақтар мен марапаттарға ие болған азаматтарға ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ ол Моңғолияның мемлекеттік саясаты, мемлекеттік органдардың қызметі және олардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді.

«Таңертең үйден шыққан сәттен кешке қайта оралғанға дейін мен Моңғолиямыздың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін, халқымыздың бірлігін ойлаймын. Моңғолия бейбіт әрі қауіпсіз мемлекет болып қалуы керек, ал оның азаматтары бақытты өмір сүруі тиіс.

Моңғолия алдағы уақытта да әлемдегі ең тыныш әрі бейбіт елдердің бірі болып қала береді. Ешкімнің азаматтарымыздың бірлігін бұзып, елді іштен ірітуге құқығы жоқ. Біздің ең басты құндылықтарымыз – Отанымыздың тәуелсіздігі, ұлттық бірлік және заң үстемдігі.  Конституция мен заңдарды сөзімен, жазбасымен немесе іс-әрекетімен бұзған кез келген адам заң алдында жауап береді. Заң бәріне ортақ. Біртұтас Моңғолия – қуатты Моңғолия. Бейбіт Моңғолия – бақытты Моңғолия. Тәуелсіз Моңғолия – баршамызға ортақ құндылық», – деді ол.

Сондай-ақ президент  Баян-Өлгей аймағы халық өкілдері хуралының төрағасы Ө.Бегарысқа Ұлы Шыңғыс ханның портретін табыс етті.

评论