Екеуі де жан тапсырды... Әйел 15 қабаттан арбадағы балаға құлады

204
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zFR8FWd5IrcoXvnhk0sMoCyYYampGscOKQavTYjl.webp

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатынан құлаған әйел мен ол басып қалған өзге екі жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден құлаған. Полицияның хабарлауынша, әйел төменде тұрған балалар арбасына құлаған. Арбада екі жасар бала отырған. Оқиға салдарынан әйел мен бала алған жарақаттарынан көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті тексеру жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары тергеу нәтижесінде оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталатынын хабарлады.

评论