Көлік қаққан кәмелетке толмаған қыз ауруханада жан тапсырды

263
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Ақмола облысының Макинск қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 7 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Мәскеу көшесінде болған. «Mercedes» көлігін басқарған жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз медициналық мекемеде көз жұмды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

评论