Жаңа кен орындарын іздеу. 200 ұңғыма бұрғыланбақ

243
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BjmygDGEQbFg70xwIQtEFPMGTdyH8p9K4Mv56O8l.jpg

Қазақстанда жаңа кен орындарын іздеу мақсатында 200 ұңғыма бұрғылау жоспарлануда. Бұл туралы 7 қыркүйекте Энергетика министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атырауда өткен KAZDRILLING конференциясында барлау-бағалау бұрғылауының перспективалары, сервистік нарықтың дайындығы және отандық бұрғылау саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланған.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров бұрғылау көлемін ұлғайту жаңа кен орындарын ашу және еліміздің ресурстық базасын толықтыру үшін қажет екенін атап өтті. Болжамды бағалауға сәйкес, барлау-бағалау бұрғылауының көлемі 2026 жылы шамамен 80 ұңғыманы, ал 2027–2028 жылдары жыл сайын 120 ұңғыманы құрауы мүмкін.

«Мұнай-газ әлеуеті жоғары, аз зерттелген шөгінді бассейндерге ерекше назар аударылды. Мұндай учаскелерді беру тәртібі жеңілдетілді: өтінім келіп түскеннен кейін Министрлік 10 жұмыс күні ішінде аукцион өткізеді. Жұмыс бағдарламасына сәйкес алғашқы үш жылда учаске аумағының кемінде 30 пайызында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және кейіннен барлау ұңғымаларын бұрғылау көзделген»,– делінген хабарламада.

评论