Армения Ресей әскери базасының елден шығарылуына қарсы болмады

349
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kow7QzU6c7Y81eSqZR8cjpm9ELU326jujIYbktWL.jpg

Армения аумағындағы Ресейдің 102-ші әскери базасының болуы мәселесі Ресей президенті Владимир Путинмен Бішкекте өткен кездесуде талқыланбады.  Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Интерфаксқа сілтеме жасап.

«Әскери база туралы ешқандай талқылау болған жоқ. Осы уақыт аралығында біз бұл мәселені ешқашан көтерген емеспіз. Сонымен қатар Армения аумағындағы 102-ші әскери базаның болуы біз үшін өмірлік маңызы бар қажеттілік деп те санамаймыз», – деді Пашинян журналистерге арналған брифингте.

Оның айтуынша, егер Ресей базаны Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, Ереван оған қарсы болмайды.

«Егер Ресей тарапы базаның қалуын қаласа, біз бұл мәселені де талқылауға дайынбыз. Бірақ біз мұндай сұрақты ешқашан көтерген жоқпыз», – деп қосты премьер-министр.

Ресейдің 102-ші әскери базасы Арменияның солтүстігіндегі Гюмри қаласында 1995 жылдан бері орналасқан. 2011 жылы аталған базаның республика аумағында болу мерзімі 2044 жылға дейін ұзартылған.

评论