ШЫҰ төрағалығы Пәкістанға өтті

167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mDtmJKwLRqVLRS4Gx8Aa1ifeMG0gQcmQWjyAd3aD.jpg

Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысы қорытындысында ұйымның төрағалығы Пәкістанға берілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев мәлімдеді. Ол Пәкістанға төрағалық кезінде сәттілік тілеп, Қырғызстан қабылданған шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз етуге дайын екенін айтты.

ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың сөзінше, Пәкістанның төрағалығы «Көзқарастан инновацияға: инновация мен өркендеуді байланыстыру» тақырыбымен өтеді.

Сондай-ақ Пәкістанның Лахор қаласы 2026–2027 жылдарға ШЫҰ-ның туризм және мәдени астанасы болып жарияланды.

ШЫҰ-ның келесі төрағалығы аясындағы жоспарды Пәкістан жақын арада ұсынады.

评论