Бүгін, 28 тамыз күні Құрылтайдың бірінші отырысында оның сегіз тұрақты комитетінің төрағалары сайланды, деп хабарлайды "Адырна".
Сайланған төрағалар:
– Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;
– Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;
– Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;
– Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;
– Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;
– Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті;
– Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;
– Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.
Бұған дейін «Әділет» партиясының жетекшісі Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды, ал депутаттар Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланған болатын.
