Құрылтайға қанат қаққандар. 4 партия депутаттарын атады

702
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/By8zsBqnSnHbTTE75IvG7MxRPV7YC5wHGaG2KwEW.jpg

Еліміздегі төрт саяси партия жаңа Құрылтай құрамына өткен депутаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

10 мандатқа ие болған «Ауыл» партиясының бекітілген тізіміне Қайрат Айтуғанов, Шахмардан Байманов, Захира Бегалиева, Серік Егізбаев, Мұрат Іргібаев, Ажар Қажыбекова, Владимир Киян, Алмас Мұхаметов, Динара Райханова және Рабиға Тоқсейітова енді.

Сайлау қорытындысы бойынша 9 мандатқа ие болған Respublica партиясынан Құрылтай депутаты болып Бекжан Айтқұлов, Руслан Ыдырысов, Мейірхат Қасымбаев, Олжас Күспеков, Динара Наумова, Екатерина Сергеевна, Нұргүл Тау, Махамбет Хасенов және Айдарбек Қожаназаров сайланды. Олардың бесеуі бұған дейін VIII сайланған Мәжілістің депутаты болған еді.

8 мандаттан иеленген ЖСДП мен «Ақ жол» партияларының да депутаттық құрамы белгілі болды. ЖСДП атынан Құрылтай құрамына Асхат Рахымжанов, Мақсұт Насыбұлов, Нұрайнаш Камалова, Лариса Ли, Аслан Құлмағамбетов, Арман Ақылбай, Наурыз Сайлаубай және Ажар Сағандықова кіреді.

Ал «Ақ жол» партиясынан Дәурен Ахметжаев, Бақтыбек Бибаев, Дания Еспаева, Асылхан Қожахметов, Юрий Ли, Олжас Нұралдинов, Мейраш Шынасылова мен Ермекқали Юсупов депутаттық мандатқа ие болды.

Тиісті кандидаттар тізімі тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

110 мандатқа ие болған «Әділет» партиясы әзірге депутаттар тізімін жарияламады.

Еске салайық, 26 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» жарлыққа қол қойған еді.

评论
其他材料