Жасөспірім жылқы байланған арқанға соғылып, қаза тапты

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Риддерде 13 жастағы қыз мотокөлікпен келе жатып, жылқы байланған арқанға соғылды. Салдарынан қыздың қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға 23 тамызда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім үй маңында жылқы байлауға пайдаланылған арқанға соғылған. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Мотокөлікте болған 15 жастағы жолаушы жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша полиция абайсызда адам өліміне әкелу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жылқының иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция азаматтарға жол маңында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға және айдауға болмайтынын ескертті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың көлік құралын басқаруына заңмен тыйым салынғанын еске салды.

评论