Ozon қоймасына дрондар шабуыл жасады

144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FcOOQioWOs66ubRWCzH2CWPEFv3jbz5gzWVgpC7Y.jpg

Ресейдің Самара облысында Ozon компаниясының логистикалық кешеніне дрондар шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Sputnik мәліметінше, оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алған.

БАҚ дерегінше, аймаққа бірнеше ондаған дрон шабуыл жасаған. Олардың бір бөлігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы атып түсірілген.

«Жаудың бірнеше ондаған дроны атып түсірілді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінде зақым бар. Ozon логистикалық кешеніне шабуыл жасалды», – делінген облыс әкімшілігі таратқан хабарламада.

Оқиғадан кейін Ozon Самара облысындағы қоймасының жұмысын белгісіз мерзімге тоқтатты. Компанияның мәліметінше, басқа нысандардағы логистикалық операциялар қалыпты режимде жалғасып жатыр.

 

评论