Магистратура грантының тізімі қашан жарияланатыны айтылды

164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nlAbIow8a3QWzxDk4wDftTGzvdbwpXSaDlN0OQRT.jpg

2026–2027 оқу жылына магистратураға мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Комиссия құрамына министрлік, мүдделі мемлекеттік органдардың, білім беру саласындағы кәсіподақтардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Отырыста грантқа үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттары қолданыстағы талаптарға сәйкес конкурстық негізде тағайындалды.

Биыл магистратура гранттарына қатысу үшін шамамен 23 мың өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп.

Үміткерлер арасында ең жоғары сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бар.

Конкурстық іріктеу нәтижелері 24 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады.

Магистратураға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызды қоса алғанда жалғасады.

评论
其他材料