Бельгиядағы ескі үйден құны 9 миллион еуро болатын қазына табылды

284
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZuOyyeYJp1pgc45R2YV4EYI05JPnPGM491pH4KXh.webp

Бельгияда ескі үйді жөндеп жатқан жұмысшылар құны шамамен 9 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін алтын құймалар мен монеталардан тұратын қазынаны тауып алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Қазына үйдің іргетасымен жұмыс істеу кезінде табылған. Құрылысшылардың арасында жазғы демалыста қосымша жұмыс істеп жүрген 18 жастағы жігіт те болған.

«Алдымен бұл бір еуролық тиындар шығар деп ойладым. Бірақ кейін жанында алтын құйманың жатқанын көрдім. Сол кезде біз әлдеқайда құнды нәрсе тауып алғанымызды түсіндік», – деді Кобе есімді студент.

Ол олжаны тапқаннан кейін полицияға хабарлап, ақшаны өздеріне қалдыруды ойламағандарын жеткізді.

Бельгия заңнамасына сәйкес, қазынаның иесі өз құқығын мәлімдеу үшін бес жыл ішінде өтініш бере алады. Алайда жергілікті прокуратура әзірге оның нақты кім болуы мүмкін екенін анықтай алмай отыр.

Егер қазынаның иесі табылмаса, азаматтық заңнамаға сәйкес, табылған ақша оны тапқан адам мен қазына орналасқан жердің иесі арасында бөлінеді.

 

 

评论