Қазақ мұнайының Еуропаға жолы. Қазақстан мен Австрия министрлері пікір алмасты

256
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xO2hvmfgSogFO6T3rDa6yX9aElhgg7eBeaD6NJj7.webp

Қазақстан мен Австрия Каспий құбыр консорциумы арқылы қазақстандық мұнайды Еуропа нарығына тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін талқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Австрияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрі Беате Майнль-Райзингермен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар халықаралық теңіз қатынасының қауіпсіздігіне, КҚК-ның үздіксіз жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді талқылады. Кездесуде консорциум төңірегіндегі ахуалға ерекше назар аударылды.

Қазақстан СІМ мәліметінше, КҚК бағыты арқылы Австрияға қазақстандық мұнайдың едәуір бөлігі жеткізіледі. Қазақстан Австрияның шикі мұнай импортының шамамен 56 пайызын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Австрия арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендері расталды.

评论