Иран президентінің ұлы әзербайжан тілінде сөйледі. Желідегі қызу талқы

219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/x77mRbe7YFHDwyhcTcMwpw4RdsT5mzrMSVmJxyMm.webp

Иран президенті Масуд Пезешкианның ұлы әрі медиа-кеңесшісі Юсиф Пезешкианның Тебриз қаласында өткен кездесуде әзербайжан тілінде сөйлеген сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

TodayPress TV мәліметінше, Юсиф Пезешкиан Шығыс Әзербайжан провинциясының жауапты тұлғаларымен өткен кездесуде әзербайжанша сөйлеген.

Ол өз сөзінде үкімет жұмысына қатысты айтылып жатқан сын-пікірлерге тоқталып, тек сынайтындарды ғана емес, үкімет қызметіне нақты үлес қоса алатын адамдарды да алға шығарудың маңыздылығын атап өткен.

Юсиф Пезешкианның әзербайжан тілін қолдануы әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігінің сынына ұшырады. Олар оның медиа-кеңесші қызметіне қандай негізде тағайындалғанын және ресми шарада неге елдің мемлекеттік тілінен өзге тіл қолданылғанын сұраққа алды.

Ал басқа қолданушылар өңірлік кездесулерде жергілікті халықтың тілін қолдануды қалыпты жағдай деп бағалап, Юсиф Пезешкианға бағытталған сынға қарсылық білдірген.

评论