Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден озды

175
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sWEIj165eWCsVFGcBYEE5hom9se3l33R1aRqOWwt.webp

Белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов 71 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды бүгін, 5 тамызда Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан орын алды. Оның шығармалары ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекшеленіп, көрермен қауым мен кәсіби ортаның жоғары бағасына ие болды.

Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!»– делінген хабарламада.

Ардақ Әмірқұлов 1955 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1977 жылы педагогикалық институтты тәмамдап, еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясында бастаған. Кейін Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтының режиссерлік факультетін бітіріп, кәсіби кино саласында терең білім алған.

1992–2002 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының директоры қызметін атқарып, ұлттық кино өндірісінің дамуына тікелей ықпал еткен. Сонымен қатар Алматыдағы театр және кино саласындағы оқу орнында дәріс беріп, профессор атанған. Оның «Отырардың күйреуі» екі сериялы фильмі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына, Монреаль қаласында (Канада) өткен халықаралық кинофестивальда киносыншылар халықаралық ассоциациясының "Фипресси" жүлдесіне, Фигуэйра Де Фош қаласындағы (Португалия) халықаралық кинофестивальдың «Күміс табақша» жүлдесіне және Ашхабадта (Түрікменстан) 1 халықаралық кинофестивальдың «Күміс жарты ай» Бас жүлдесіне ие болған. Ал «Абай» екі сериялы фильмі Ташкент (Өзбекстан) кинофестивалінің «Күміс Семург» жүлдесін, Гатчинақаласында (Ресей) өткен «Әдебиет және кино» 5-кинофестивалінде «Жастар қоғамдық қазылар алқасының жүлдесін» және Бүкілодақтық Мемлекеттік Кинематография институтының медалін алған.

评论