Шолпан-Атадан шыққан үн. Орталық Азия елдері мен Әзербайжан декларацияға қол қойды

176
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ct3V2Bww0u9GAcqmJRB6h2NNaemZVzBLH3V6WdTf.jpg

Ыстықкөлде өткен Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан президенттерінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Шолпан-Ата декларациясына қол қойды,, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құжатқа Қырғызстан, Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркіменстан  және Өзбекстан басшылары қол қойған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың айтуынша, декларация Орталық Азия елдері мен Әзербайжан арасындағы жоғары деңгейдегі өзара сенімді, бейбітшілік, тату көршілік және орнықты даму қағидаттарына адалдықты, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ұмтылысты көрсетеді.

Саммит барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, энергетика, туризм, көлік дәліздері, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Кездесуде Садыр Жапаров «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржолының құрылысы мен Қазақстан және Өзбекстанмен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Қамбар ата ГЭС-1 жобасының стратегиялық маңызын атап өтті. Сонымен қатар ол шетелдік туристерге арналған бірыңғай Орталық Азия туристік визасын енгізу бастамасын еске салып, бұл ұсынысты Қазақстан мен Өзбекстан қолдағанын айтты.

评论