Украинада он мың шақырымға дейін ұшатын дрондар пайда болады — Зеленский

102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HmlpohrrJ8jCsL86UQHbK1P4cx6pdBEGWgoMY8x9.webp

Украина президенті 2027 жылы елде 10 мың шақырымға дейін ұша алатын дрон болатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы Зеленский америкалық қоғам белсендісі Лора Лумерге берген сұхбатында айтты.

Президенттің сөзінше, қазір Украина мен Ресейдің қарулы күштерінде 3 мың шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын дрондар бар. Ал биылғы жылдың соңына қарай Украина 4 мың шақырымға дейін ұшатын аппараттарды пайдалануға ниетті.

«Келесі жылы ұшу қашықтығы 5 мыңнан 10 мың шақырымға дейін жететін дрондарға ие боламыз», – деді Украина президенті.

Сонымен қатар Зеленский АҚШ-пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп өндіру жөнінде келісім жасауды жоспарлап отырғанын айтты. 
Оның сөзінше, Украина теңіз, әуе және алыс қашықтыққа ұшатын дрондарын АҚШ-қа сынақтан өткізу үшін жіберген. Президент бұл бағыттағы алғашқы келісімдер жүзеге асқанын, ал келесі кезеңге арналған құжаттың дайын екенін хабарлады.

Зеленский сондай-ақ АҚШ аумағында дрон шығаратын зауыт салу жоспары бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, заманауи ұрыс жағдайында ұшқышсыз аппараттардың технологиясы өте жылдам өзгеретіндіктен, оларды қоймада ұзақ уақыт сақтап қою тиімсіз.

评论