АҚШ-тың Иранға қарсы қақтығысқа қанша ақша жұмсағаны айтылды

211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ouf0iEETdZ9b6DItvmsdy7tKTFDW4WI4DFNQOFyA.webp

АҚШ Иранмен соғысқа 37,5 млрд доллар жұмсаған. Бұл туралы 21 шілдеде елдің қорғаныс министрі Пит Хегсет мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, аталған сома әскери шығындардың бір бөлігін және 30 қыркүйекке дейінгі болжамды шығындарды қамтиды. Пентагонның бұл көрсеткішті қалай есептегені нақтыланбады.

Хегсет пен Біріккен штаб бастықтары комитетінің төрағасы Дэн Кейн Конгрестен 87,6 млрд доллар көлемінде қосымша қаржыландыру сұрады. Оның ішінде 67 млрд доллардан астамы тікелей Иранмен соғысқа бағытталған. 46 млрд доллар оқ-дәрі сатып алуға және олардың өндірісін ұлғайтуға, ал 21 млрд доллар әскери қызметкерлердің ақшалай қамтамасыз етілуіне, жанармайға және техниканы жаңартуға жұмсалмақ.

Reuters агенттігінің дереккөзі наурыз айында соғыстың алғашқы алты күніндегі шығынды кемінде 11,3 миллиард доллар деп бағалаған еді.

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料