Жойқын тайфун 38 адамның өмірін жалмады

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JsSvwEtwsJ9FiAu40yFr2LsrDuhTvYIs44gS6yfD.png

Қытайдың оңтүстік жағалауына соққан қуатты «Майсак» тайфуны салдарынан кемінде 38 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Синьхуа дерегінше, апат бөгеттің бұзылуына, көшкіндердің жүруіне және кең ауқымды су тасқынына себеп болды.

Ең көп зардап шеккен аймақтар – елдің оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы мен орталықтағы Хубэй провинциясы. Нөсер жауын, бөгеттердің жарылуы және қатты жел салдарынан ондаған мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Құтқару жұмыстарына әскери қызметкерлер, ұшқышсыз ұшу аппараттары және 5700 қайық жұмылдырылды. Табиғи апат аймағынан шамамен 130 мың адам эвакуацияланды. Олардың қатарында Гуйган қаласында су құрсауында қалған 10 мыңнан астам студент пен оқытушы да бар.

Бұдан бөлек, хайуанаттар бағы мен улы жылан өсірілетін фермадағы ондаған жануар қашып кеткені хабарланды.

评论