Дүниежүзілік жылқы күні. Моңғолия 50-ден астам елдің делегациясын қабылдайды

111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TCjfyTik8TktSDkILNoZmooOnRQRvBuHOH2J4HMJ.jpg

Моңғолияның бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік жылқы күні биыл 10–13 шілде аралығында ұлттық «Наадам–2026» мерекесі аясында кең көлемде аталып өтеді, деп хабарлайды "Адырна".

Мерекелік іс-шаралар көшпелі өркениеттің мәдени мұрасын, жылқы шаруашылығының дәстүрін және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Осыған байланысты Моңғолияға әлемнің 50-ден астам елінен ресми делегациялар мен қонақтар келеді деп жоспарланып отыр.

Негізгі іс-шаралар 13 шілдеде Ұланбатыр қаласының маңындағы Хүй Долоон Худаг тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылады. Бағдарламаға сәйкес, бұл күні Дүниежүзілік жылқы күнінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Мереке аясында халықаралық ат жарыстары, 10 мың салт аттының шеруі, ат үстінде садақ атудан жарыстар, цирктің ат өнеріне арналған қойылымдары, жылқы мәдениеті мен атбегілік дәстүрін насихаттайтын мәдени-спорттық іс-шаралар, дәстүрлі моңғол бәйгесі және ұлттық күрес жарыстары ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекенің басты мақсаты – жылқының адамзат өркениетіндегі тарихи рөлін дәріптеп, көшпелі халықтардың мәдени мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен таныстыру.

评论
其他材料