Норвегия тарихи жеңіске жетті, Англия Мексиканы тізе бүктірді

354
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VHCAhHl17okPAi9VYYPhvID0ObgcD08AkKAPwrwH.jpg

5 шілдеде футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалдың тағы екі матчы аяқталды. Ширек финалға Норвегия мен Англия құрамалары жолдама алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Норвегия мен Бразилия құрамалары Нью-Джерси штаты Ист-Ратерфорд қаласындағы «МетЛайф» стадионында кездесті. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Бразилия қақпасына екі голды да жұлдызды шабуылшы Эрлинг Холанд соқты. Ал бразилиялықтардың жалғыз голын қосымша уақыттың 10-минутында пенальтиден Неймар енгізді. Матчтан кейін ол ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Холанд турнирдің үздік сұрмергендері қатарына көтеріліп, Лионель Месси мен Килиан Мбаппенің көрсеткішіне жетті. Қазір үш футболшының да еншісінде әлем чемпионатындағы жеті голдан бар.

Норвегия өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алып отыр.

Ал Англия құрамасы 1/8 финалда Мексиканы жеңді. Мехикода өткен кездесу 3:2 есебімен ағылшындардың пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапында Джуд Беллингем дубль авторы атанса, Харри Кейн пенальтиден бір гол соқты. Ал Мексика құрамасы құрамынан Хулиан Киньонес пен Рауль Хименес мергендік танытты.

Англия құрамасы турнирдің келесі кезеңінде Норвегиямен кездеседі. Матч 12 шілдеде АҚШ-тың Майами қаласында өтеді.

评论