«Ақ жол» Құрылтайға 63 кандидат ұсынды

209
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jEei9gFeRTbMzbRPyodQTzwcksSXMBEwv3DSgRej.jpg

Бүгін, 5 шілдеде «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Партиялық тізімге елдің барлық өңірінен келген өкілдер, кәсіпкерлер, сарапшылар қауымдастығының мүшелері және қоғамдық қызметтің түрлі салаларында еңбек етіп жүрген 63 азамат кірген. Олардың қатарында VII және VIII сайланған Мәжіліс депутаттары Дания Еспаева, Азат Перуашев, Ерлан Барлыбаев, Қазыбек Иса, Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Олжас Нұралдинов және Ерлік Өмірғали бар.

Сондай-ақ тізімге Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Ермек Әбілдин, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Жалмұқанова, Семей қалалық мәслихатының депутаты Анатолий Калинкин, VIII сайланған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Евгений Кинцель, Алматы велоспорт федерациясының президенті Андрей Линник, адвокат Сергей Уткин және өзге де тұлғалар енген.

Съезд барысында партияның «Өзгерістер қажет» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Партия төрағасы Дания Еспаеваның айтуынша, бағдарлама партияның көпжылдық бастамаларын біріктіріп, елдің болашақ дамуына қатысты кешенді көзқарасты ұсынады. Атап айтқанда, онда тәуелсіздік пен ұлттық мүддені қорғаудан бастап, парламентаризмді нығайту, кәсіпкерлікті қолдау, жемқорлықпен күрес, адами капиталды, заманауи технологиялар мен еркін нарықтық экономиканы дамытуға дейінгі басым бағыттар қамтылған.

评论