Павлодар әкімі ысырапшылық туралы айтқан тұрғынға жауап берді

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dbFWlbH52BRUv2pZbCNhszDdLB3enzXWGpyTxgB9.webp

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов той шығындарының қоғамға түсіретін салмағы туралы айтқан тұрғынға жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Politico-ға сілтеп.

Әкім мәселені заңмен ғана шешу мүмкін емес екенін айтты.

Павлодар басшысы Threads әлеуметтік желісінде тұрғынның жазған сауалына жауап берді. Желі қолданушысы жаз мезгілінде той-томалақтың жиілеп, табысы төмен отбасылар үшін бірнеше мерекеге қатысу едәуір қаржылық жүкке айналатынын жеткізген. Сондай-ақ ол тойдағы ысырапшылық пен орынсыз бәсекелестікті сынға алып, бұл бағытта заңнамалық шара қабылдауды ұсынған.

Әкімнің айтуынша, той шығындарының ауыртпалығы – қоғамда жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі. Оның сөзінше, көптеген отбасы әлеуметтік қысымның әсерінен несие алып, шамадан тыс шығынға барады.

«Мәселе бар екені рас. Алайда оны тек заңмен шешу екіталай. Бұл жерде қоғамның көзқарасы, отбасының таңдауы және экономикалық жағдай қатар әсер етеді. Заң белгілі бір шектерді ғана белгілей алады, ал ысырапшылықты азайтудың негізгі жолы – қоғамдық мәдениет пен жеке жауапкершілікті қалыптастыру», – деді Асайын Байханов.

Әкім той мәдениетін өзгерту үшін заңнамалық тетіктермен қатар қоғамдағы көзқарас пен жауапкершіліктің де маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

评论