Тегеранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі басталды

64
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qmD0v1qMnRWUibUYtgOzzniioqnmkihwH5Gqy1uA.webp

Иран астанасы Тегеранда елдің бұрынғы жоғары көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол АҚШ пен Израильдің әскери соққылары салдарынан қаза тапқан.

Мемлекеттік телеарна таратқан кадрларда марқұмның табыты Тегерандағы Мосалла мешітіне қойылғаны көрсетілді. Хаменеимен бірге Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқан оның отбасының төрт мүшесі – қызы, күйеу баласы, келіні және немересі де жерленеді.

Иран билігінің мәліметінше, Тегерандағы қаралы рәсімге 15-20 миллионға дейін адам қатысуы мүмкін. Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, кешенге кіру арнайы рұқсат арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Мешіт алдына жиналған жұрт Құран бағыштап, қаралы рәсімдерге қатысты. Кейбір азаматтар ұлттық киіммен келіп, дәстүрлі аза тұту рәсімдерін орындады.

Қоштасу рәсіміне Қытай, Ресей, Беларусь, Ирак, Түрікменстан және басқа да мемлекеттердің ресми делегациялары қатысты.

Ресми жоспарға сәйкес, Хаменеидің денесі үш күн бойы Тегеранда болады. Кейін қаралы рәсімдер Құм қаласы мен Иракта жалғасады. Ал 9 шілдеде ол туған қаласы Мәшһәдте, Имам Реза кесенесінің маңына жерленеді.

Айта кетейік, қоштасу рәсіміне Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысқан.

评论