Ресей басшысы Қазақстан президентімен сөйлесті

259
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zZ76k7CJKCbKUZFN0EVKu3Pq8A2EaYP1GjxfxUmH.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кремль таратқан ақпаратқа сәйкес, әңгіме барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және энергетика салаларындағы өзара тиімді жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар биылғы мамыр айында Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын және екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Брюссель қаласына жасаған сапарының қорытындылары туралы пікірімен бөлісті.

评论