Жолаушылар автобусы өртенді

61
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8OvsHgZQjNat01931N009LOgkW3lp8YiihEVuVZM.webp

Астананың Есіл ауданында Әл-Фараби даңғылы бойында бағыттық автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жеткен. Құтқарушылар келген кезде автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқан.

Ведомствоның хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін барлық жолаушы автобустан өздігінен шығып үлгерген.

Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндіріліп, жалынның автобустың қалған бөлігіне таралуына жол берілмеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

评论