«Мен босспын». Трамп G7 отырысына кешігіп келді

345
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BAau8Aw2bVF1IplEIvd1PjdN09YpdDrsCxBh7XSp.jpg

Бүгін, 17 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Францияда өтіп жатқан «Үлкен жетілік» (G7) саммиті аясындағы жұмыс отырысына кешігіп келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отырыс АҚШ әкімшілігі басшысының қатысуынсыз басталған. Жергілікті уақыт бойынша 10:25-те Франция президенті Эммануэль Макрон кездесуді ашып, жиналғандарға «президент Трамп біраз уақыттан кейін келеді» деп хабарлаған.

Трамп залға кейінірек кірген, ол кезде барлық басқа көшбасшылар өз орындарында отырған еді.

«Бұл жерде мен босспын»,—деді орындыққа қарай бет алған АҚШ президенті әзілдеп.

Сонымен қатар ол бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне кездесуде қалуды ұсынған.

«Кездесуде қалғыларыңыз келе ме? Мен қарсы емеспін», – деді Ақ үй басшысы.

Алайда француз тарапының өкілдері журналистерді жедел түрде залдан шығарып жіберген.

评论
其他材料