Димаш Құдайберген ақтөбелік оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады

145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ABWjy0M0KsdLaMJg1XCgGGQZR5u5aU8kK2lehAlH.jpg

Фото: dimashnews.com

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық сапары аясында туған жері Ақтөбеге барып, өзі білім алған оқу орындары мен балалар лагерінде оқушылармен кездесті,  деп хабарлайды "Адырна".

Өнер иесі "Шұғыла" балалар лагерінде өзіне арнап LEGO бөлшектерінен алып портрет жасаған бес оқушымен жүздесіп, олардың еңбегіне ризашылығын білдірді. Алғыс ретінде Димаш балаларға дәл осы лагерьге жолдама сыйлады.

Жобаның бастамасы мектептегі робототехника үйірмесінде көтерілген. Мұғалім Жаналы Мақаттың ұсынысымен төртінші сынып оқушылары Димаштың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, шамамен 1,5×2,5 метрлік көлемді композицияны бір апта ішінде құрастырған.

Педагогтердің айтуынша, мұндай жұмыстар балалардың шығармашылық қабілетін, ұқыптылығын және топпен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Жоба авторлары жерлес өнерпаздың жетістігі өздеріне шабыт беріп, туған өлкенің таланттарын дәріптеуді мақсат еткендерін жеткізді.

评论