Көрінбейтін Хаменеи Иран-АҚШ келіссөзіне кедергі ме?

220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BWBxPqtxiAyspntVDoKglipadsLJLmAz8cAtA8jM.webp

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер «күрделі және ұзақ процесс» сипатында өтіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жағдаймен таныс дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Мәліметке сәйкес, Тегеран жоғарғы көшбасшы Моджтаба Хаменеидің қайда орналасқанын құпия ұстауға тырысып отырғандықтан, тараптар арасындағы хабар алмасу бірнеше күнге созылып отыр.

Америкалық келіссөзшілердің ұсыныстары Иранның жоғары лауазымды өкілдеріне «жанама дипломатиялық арналар» арқылы жеткізіледі. Кей жағдайда хабарламаларды жеткізу үшін курьерлер пайдаланылады. Бұл тәсілдер жоғарғы көшбасшының орналасқан жерін құпия сақтау мақсатында қолданылатыны айтылған, себебі Тегеран оның қауіпсіздігіне алаңдайды.

Сондай-ақ Ирандағы байланыс жүйесінің тұрақсыздығы да процесті қиындатып отыр. Кейбір жағдайларда WhatsApp арқылы жіберілген хабарламалар 48 сағаттан кейін ғана жететіні хабарланған.

Дереккөздерге сүйенсек, келіссөздер кейде Пәкістан шенеуніктері арқылы да жүзеге асады: олар АҚШ-тың ұсыныстарын телефон немесе Тегеранға жеке сапарлар арқылы жеткізіп, кейін курьерлерге тапсырады.

Сонымен қатар, АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи арасында тікелей байланыс арнасы сақталғаны айтылады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран келісімге келгенін мәлімдеген еді, алайда Иран тарапы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料