Тоқаевтың көмекшісі жаңа қызметке тағайындалды

157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WdgQMXgk5ih87wsFZPr8AbK8HOOzK5mM5ltFU4GY.jpg

Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 3 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,–делінген хабарламада.

Бұған дейін Жиенбаев Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2002 жылы заң мамандығы бойынша «Тұран» Университетін, 2018 жылы РХШжМҚА-ның «Executive MBA» бағдарламасы бойынша оқу бітірген.

2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек атқарған.

2005-2012 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012–2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі болған.

2019 жылғы шілде – қазан аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

评论
其他材料