Алматыда «Көш» қойылымының жабық көрсетілімі өтті

123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Clx6WgLs0nXPpbQHVYcIE30G5cAVSFUQy5QUEN44.png

Алматы театрында қоғам қайраткері, публицист және журналист Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» атты естелік кітабының желісі бойынша сахналанған «Көш» қойылымының жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды "Адырна".

Қойылым 31 мамыр күні болды. Мәдени шараға зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары, театр сыншылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Қойылым қазақ халқының тарихи тағдыры, елден жырақта өткен өмір мен азаттыққа деген ұмтылыс тақырыптарын арқау етеді. Сахналық туынды Хасан Оралтайдың өмір жолы мен тарихи кезеңдерді көркем түрде бейнелеуге бағытталған.

Қойылымның режиссерлік шешімі, актерлердің шеберлігі мен тарихи оқиғаларды жеткізу тәсілі көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.

Шығарма авторы - Хасен Оралтай, пьесаны Мирас Әбіл жазған. 

评论
其他材料