Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасының символикалық құрамына енді

307
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/beHIJW9V81Fa0EldxVObayzE1vyUKomHt34rpbCh.jpg

Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков 2025-2026 жылы Чемпиондар лигасының символикалық құрамына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы FlashScore статистикалық порталы жариялаған.

Қазақстандық футболшы Еуропаның басты клубтық турнирінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, әлем футболының жұлдыздары Килиан Мбаппе, Гарри Кейн және Ламин Ямальмен бірге турнирдің үздік ойыншылар тізімінен орын алды.

FlashScore мәліметінше, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік қақпашысы атанған. Ол турнир барысында алты матчқа қатысып, 34 сейв жасады. Нәтижесінде қазақстандық қақпашының орташа рейтингі 7,7 ұпайды құрады.

Айта кетейік, мадридтік «Реалдың» бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуаның көрсеткіші 7,5 ұпай болған. Осылайша, Темірлан Анарбеков статистикалық бағалау бойынша әйгілі қақпашыны басып озды.

评论