Қарағандыда екі студент суға батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 30 мамыр күні Федоров су қоймасында болған.
Облыстық ТЖД мәліметінше, көз жұмғандар – 2004 және 2005 жылы туған азаматтар.
Құтқарушылардың айтуынша, студенттер шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Сүңгуірлер олардың денесін жағалаудан 15 метр қашықтықта, шамамен 5 метр тереңдіктен тапқан.
«Оқиға болған аумақ шомылуға арналмаған және демалушылар үшін қауіпті. Су түбінде тереңдіктің күрт өзгеретін жерлері бар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
相关新闻
