Астанада балалар ауруханасы өртенді

245
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/b25eUmBBFZyK6ZkKl3r7TnXWX8HHMsUDjoFKq4Yb.jpg

Астанада балалар ауруханасынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 25 мамырға қараған түні Сарайшық ауданы Қошқарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында болғанда. ТЖМ мәліметінше, жертөледегі электр қалқанында өрт шыққан.

«Хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды»,– деді министрлік.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

评论