Мұнай компаниясымен байланысы бар. Қазақстанда бельгиялық инвесторға іздеу жарияланды

191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/42OaZXFEzRscyRuPlJnCeDEHOixxgnXnsN4MBXso.webp

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бельгиялық инвестор Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады. Бұл туралы Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы Монстрейдің іздеу карточкасында жазылған, деп хабарлайды "Адырна".

«Монстрей Фрэнк Джозеф. Екі күннен бері іздеуде. Туған күні: 22 сәуір 1965 жыл, жынысы: ер, шетел азаматы, өзге ұлт өкілі. 2026 жылғы 20 мамырдағы іздестіру ісі «Астана» өңірінде тіркелген. Бастамашы: ҚР ҰҚК. Іздеу салушы орган: ҚР ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі», - делінген хабарламада.

Монстрей 2010 жылы мұнай мен газ конденсаты кен орындарын барлау және игерумен айналысатын Zhaikmunai компаниясының 40,5% үлесіне иелік еткен, сондай-ақ, Nostrum Oil компаниясы акционерлерінің бірі болған.

评论