АҚШ пен Қытай келісімі. Трамппен бірге топ-менеджерлер барады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nEZiYoJqcnmr6FhEYBjfqr4P2yOG7DX5WT2Nqd8b.jpg

АҚШ президенті Трамппен бірге Қытайға бірнеше топ-менеджер барады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Newsmax-қа сілтеп.

Сапар аясында АҚШ пен Қытай бірқатар іскерлік келісімдер мен келісімшарттарға қол қоюды жоспарлап отыр.

Басылым мәліметінше, делегация құрамында Tesla басшысы Илон Маск пен Apple жетекшісі Тим Кук бар. 

Сондай-ақ Goldman Sachs компаниясының басшысы Дэвид Соломон, Blackstone компаниясының басшысы Стивен Шварцман, BlackRock компаниясының басшысы Ларри Финк, Citigroup компаниясының басшысы Джейн Фрейзер және Meta Platforms компаниясының басшысы Дина Пауэлл Маккормик те Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен өтетін саммитте Трамп делегациясына қосылады.

相关新闻

评论
相关新闻