Алғашқы режиссердің мерейтойы тойланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nFlR2nkn3CoxDRbUzKPAfiwrlPeNUSXh9w3kIpHt.jpg

Қазақ театр және кино өнерінің негізін қалаушылардың бірі, алғашқы режиссер Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдығы тойланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақ театр және кино актері, Қазақ КСР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Сералы (Серке) Қожамқұлов - алғашқы қазақ кәсіби актерлерінің бірі 2021 жылдың мамыр айында 125 жасқа толады,  1896 жылы 5 мамырда Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының № 13 ауылында дүниеге келген еді. Серке аға көптеген марапаттарға ие болды.

Өз кәсібінің суретшісі, ұлы актер Серәлі Қожамқұловтың жолы аяқталды. Ол 1979 жылы 31 желтоқсанда қайтыс болып, Алматы қаласында жерленді.

Мерейтой қарсаңында Алматыда «Ғасырлар үнін сақтаған бейне» атты мәдени іс-шара өтті. 

Іс-шара Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві базасында ұйымдастырылды. Мұнда Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің халық әртісі Серәлі Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылық жолын, сондай-ақ қазақ кәсіби театрының қалыптасу кезеңдерін қамтитын фотокөрме ұсынылды.

Сонымен қатар 1972 жылы «Қазақтелефильм» студиясы түсірген «Сераға» деректі фильмі көрсетілді. Шараға мәдениет және өнер саласының өкілдері, театр және кино қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен Қожамқұловтың ұрпақтары қатысты.

Архив директоры Ілияс Ысқақов көрме аясында қорда сақталған бірегей фотосуреттер мен құжаттар жұртшылыққа ұсынылғанын атап өтті.

Ал М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директоры Еркін Жуасбек қазақ театрының даму тарихында Серәлі Қожамқұловтың орны ерекше екенін айтты.

评论
其他材料