Зауыттағы жарылыс. Екі адам қаза тапқаны анықталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Fxgh0cxHswMfvsUuQqXvQwEQbU55B5ahRugXk2Np.webp

Өскемен қаласындағы Казцинк кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға түтін сорғыш құрылғыны тазалау кезінде болған. Компания дерегіне сәйкес, тазалау жұмыстары барысында жарылыс болып, кейін өрт шыққан. Салдарынан ғимараттың кейбір конструкциялары ішінара құлаған.

«Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, тағы бес адам жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілуде», – делінген хабарламада.

Кәсіпорын өкілдері қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Жарылыс себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сонымен қатар жарылыстың қоршаған ортаға әсері тексеріліп жатыр. 

评论