Чехия премьері өз министрін сынады. Қазақстанға қатысты дипломатиялық дау

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gWLZECEH2ZDolI8aliO8afdVK4xY2XElLldzIeSq.webp

Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш өз елінің Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанға қатысты күтпеген өтініш жасағанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, бұл туралы ол TV Nova телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

«Олар маған Сыртқы істер министрлігі дайындаған жазбаны берді, онда мен Қазақстанды Ресей және Қытаймен қарым-қатынасты шектеуге шақыруым керек деп жазылған. Бұл – таңғаларлық жайт», — деді Чехия премьері.

Құжатты кім дайындағаны жөнінде сұраққа Бабиш «кейбір шенеунік» деп жауап берді. Сондай-ақ ол бұл бұрынғы сыртқы істер министрі Ян Липавский болуы мүмкін екенін де атап өтті.

Бабиш сонымен қатар алдыңғы үкіметтің сыртқы саясат бағытын сынға алып, оның ел мүддесіне зиян келтіргенін айтты. Оның сөзінше, әлемдік державалармен, соның ішінде Қытаймен қарым-қатынас тарихтағы ең нашар деңгейде екенін, бұл Чехия компанияларына кері әсерін тигізіп отыр.

Чехия премьерінің бұл мәлімдемесі оның өткен аптада Астанаға жасаған сапарынан кейін айтылды.

评论